Министрліктер үйі маңынан табылған сөмке астаналықтарды әбігерге салды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2018 22:30 ҚазАқпарат
Көшенің қиылысында иесіз әйел сөмкесі табылды.

Елордада Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысы иесіз әйел сөмкесінің табылуына байланысты полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 13-50-де Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысына таяу жердегі көлік тұрағынан иесіз әйел сөмкесі табылғандығы туралы ақпарат түсті. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл аттанды. Тексеру барысында күдікті зат табылмады. Ескі әйел сөмкесінің ішінде де қағаз қоқыс қана болған», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Оның сөзіне қарағанда, сағат 14,24-те көше қиылысындағы жаяу жүргіншілерге енгізілген шектеу алынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: