Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі.

Сурет : Baq.kz22 Ақпан 2018, 13:10

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтар қашаннан бастап зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп ала алатындарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында ол бұл мәселе азаматтардың зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау бойынша қаржы реттеушісінің ұсыныстары шеңберінде үкімет пен бизнес қауымдастық тарапынан талқыланып жатқанын айтты.

«Бұл мүмкіндікке зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинаған, зейнетақы қорына еңбекке жарамсыз жаста тұрақты түрде табыспен қамтамасыз ете алатын жеткілікті сома жинаған салымшылар ие болуы мүмкін деп болжануда», - дейді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы алдың ала есептеулерге сәйкес, Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттары арқылы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп алуға мүмкіндігі бар 4000-ға жуық салымшы бар екендігін айтып өтті.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер