Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқаруға рұқсат берілуі мүмкін

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 17:37 Zakon.kz
Жүргізушілер өзімен тек жеке куәлігін алып жүрсе, жеткілікті.
Е-айыппұл жобасы енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көлік жүргізу куәлігін, техникалық паспортын және автокөлікке қатысты басқа да құжаттарын өзімен бірге алып жүрмей, көлікті тізгіндеуге болады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz.

Бағдат Мусиннің айтуынша, тиісті заңға өзгеріс енгізу мәселесі алға жылжыды.

«Жұмағалиевтің төрағалығымен (Асқар – редакция) өткен жиналыстан кейін Е-айыппұл енгізілген бірнеше қаланың көлік жүргізушілері өздерімен бірге қағаз құжаттарды (техникалық паспорт, көлік жүргізу куәлігі, жеке куәлік, сақтандыру, техникалық тексеру) алып жүрмеу туралы өзгерістерді тиісті заңға енгізу мәселесі алға жылжыды. Яғни, жобаны барлық жерде енгізсек, жүргізушілер өзімен тек жеке куәлігін алып жүрсе, жеткілікті», - деді Мусин.

Е-айыппұл жобасының ерекшелігі ережені бұзу туралы хаттамалар планшет арқылы толтырылады. Ақпарат бірден деректер базасына түседі. Жүргізуші стилуспен қол қояды. Хаттама мобильді принтермен басып шығарылады, ал айыппұлды POS-терминал арқылы төлеуге болады.

Мусиннің мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша Астана, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларында 200-ге жуық экипажда планшет бар. Ең көбі - Астанада.

«Енді қандай әкім өз тұрғындарына сыйлық жасайтынын күтіп отырмыз. Планшет тек жол полицейлерінің жеке құрамына беріледі. Айтпақшы, олар ауысыммен жұмыс істегендіктен, керек планшеттердің санын екі есе азайттық», - деді комитет төрағасы.

Фото:baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: