Елордада демалыс күндері сауда үйлерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілді
1 наурыздан бастап елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес, сауда-ойын-сауық орталықтары, іскерлік үйлер мен бизнес орталықтарға демалыс күндері де жұмыс істеуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Қала әкімдігінің ресми сайтындағы дереке сүйенсек, жексенбі күндері қаланың сауда-ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейтін болады. Сонымен, олар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленген. Дегенмен аталған объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұз айдындарының және ролик орындарының, ойын орталықтарының жұмысына тыйым салынады.
Фудкорттардың жұмысы тек өзімен бірге алып кетуді есептемегенде курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Онлайн форматты қоспағанда, түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады.
"Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарларды және т.б сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 60% қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру", - делінген жаңа қаулыда.