Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Семейде алимент төлемейтін әкелер абақтыға қамала бастады

Жыл басынан бері 10 әке сот шешімімен қылмыстық жауапқа тартылған.

Сурет : www.inform.kz22 Ақпан 2018, 15:20

Алимент төлемей жүрген әкелер абақтыға қамалады. Семейлік сот орындаушылар борышкерлерге осылай деп дабыл қағуда. Себебі, бүгінгі күні перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүрген әкелер көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін алимент төлемегендер тек әкімшілік жауапқа тартылып, бірнеше тәулікке қамауға алынып, көлік жүргізу куәліктерінен қағылып, шетелге шығу құқығынан айырылып келген еді. Енді баласы алдындағы борышын төлеуден жалтарып жүрген әкелерге қылмыстық іс қозғалып, абақтыға қамалады.

Жыл басынан бері 10 әке сот шешімімен қылмыстық жауапқа тартылған. Ал 30 әкенің ісі қазір соттың қарауында.

«Бүгінгі күні біздің кеңсе бойынша 1340 алимент төлейтін әке бар. Бұған дейін 1723 болған. Атқарылған жұмыстардың арқасында қазірде 1172 әке ай сайын шамасы келгенше ақшасын аударып отыр. Бірақ әлі 168 әке осы уақытқа дейін төлемей қашып жүр. Жалпы қарыз мөлшері 129 млн. 270 мың 574 теңге. Бұлармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Енді әкімшілік жауапкершілік емес, қылмыстық жауапқа тартылады. Түрлі сылтау айтып, қашып төлемей жүрген әкелерге айтарым, оларға салынатын айыппұл да көп. Сондықтан ай сайын төлеп отыру оларға тиімді дегім келеді»,-дейді жеке сот орындаушы Азанбек Бектасов.

Борышкерлердің көбі тұрaқты жұмысының жоқтығын алға тартатын көрінеді. Сондықтан мамандар Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыз әкелерді қызметке орналастырлып жатыр. Алайда ұсынылған жұмыстардан жалақысын сылтау етіп бас тартатындар да жоқ емес. Жыл басынан бері 30 әкеге Жұмыспен қамту орталығына жолдама берілген. Сондай-ақ мамандар туған перзентіне алимент төлемей қашып жүрген әкелердің жеке-мүлкін сот шешімі арқылы тәркілеп, аукцион арқылы сатылымға да қоюда.

Шынар Ғалымбекқызы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер