Қызылордада өгей қызын қорлаған педофилдің туыстары араша сұрады

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Қызылордада өгей қызын қорлаған азғын сотталды.

Қызылордада өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған күдіктіге сот үкім кесті. Енді Нұрлан Рахиев өмірінің он жылын темір тордың аржағында өткізуі тиіс, деп хабарлайды КТК.

Алайда бұл жазамен оның жақындары келіспей отыр. Сондықтан істі қайта қарату үшін апелляцияға арыз бермек. Педофилдің туыстары осыған дейін де тергеу қапасында жатқан Нұрлан Рахиевке келіндерінің жала жауып, баспанасын тартып алмақ болғанын айтып, араша сұраған. Бірақ тергеушілер 33 жастағы азаматтың өгей қызына азғындақ жасағанын тергеу барысында толық дәлелденгенін жеткізді.

Негізі Рахиев қызды зорламаған. Бірақ қол жүгіртіпті. 11 жастағы Ақгүлдің дене мүшелерінің сау екені сараптамада да дәлелденіпті. Тек жеткіншек анасына өгей әкесінің әуретті жерін екі рет ұстатқанын айтып берген екен. Рахиевтің өзі мұны сол күйі мойындаған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз