Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған өгей әкеге үкім шықты

Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған өгей әкеге үкім шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 19:23 Сурет: pexels
Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған өгей әке сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

йдыҚылмыстық іс Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты өгей әкесінің зорлау фактісін жасау бойынша қаралды. (ҚК 120-б. 3-2 б. 3-т.).   

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Өгей әке өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады, деп жазды pavlodarnews.kz.

"Аса ауыр қылмыс жасаудың мән-жайын ескере отырып, ер адамды 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды". Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сондай-ақ айыпталушы өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, былтыр 21 қараша күні Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмаған оқушының жүктілігі туралы ақпарат таралған болатын. Өңір аудандарының бірінде мектеп директоры мен сынып жетекшісі сегізінші сыныпта оқитын қыз баланың іші шығып қалғанын байқаған. Олар оның анасымен бірге ауруханаға барып, жағдайды білген. Облыстық полиция департаменті ҚР ҚҚ-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдікті – өгей әкесін ұстап, қамауға алған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: