Атырауда өгей қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Ол 15 жылға сотталды, бірақ қыздың анасы жазаны тым жұмсақ деп санайды, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.
Баласы бар атыраулық келіншек Алматының жігітіне тұрмысқа шыққан. Уақыт өте келе, отбасылық өмірде проблемалар пайда болады, бірақ күйеуінің баласына көптеген жыл бойына тиісіп келгенін, ол ажырасқан соң бір-ақ білген.
Ол полицияға арызданды, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу жүргізілді.
Сотталушы О. жас баланың дәрменсіз күйін пайдалана отырып, қасақана аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады. Атырау облысы сотының баспасөз қызметі
Оның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ WhatsApp-тағы бейнелер мен хат-хабарлармен толықтай дәлелденді. Дегенмен сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Прокурор айыпталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, сот 15 жыл тағайындады. Қыздың анасы бұл үкіммен келіспейтінін және максималды мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру үшін қайта арыздануға ниетті екенін айтты.