Оралда 12 жасар қызды жабылып зорлаған кәмелетке толмағандарға қатысты сот үкімі шықты
Сурет: pixabay
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылы 5 маусымда көлік ұрлау және кәмелетке толмаған қызды зорлау айыбы бойынша бес адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соттың мәліметінше, сотқа тартылғандардың төртеуі - кәмелетке толмағандар.
Оларға мынандай айып тағылады:
- А. және Н. - алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау (ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі 1) тармағы);
- Қ. - автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ көлік құралына заңсыз отыру, бөтеннің мүлкіне жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы);
- А. және М. - көлік құралына заңсыз отыру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуылары арқылы жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы);
- барлық сотталушыларға - зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі);
- А. - жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі).
Сотпен анықталды:
- 11.05.2023 жылы А. және Н., сауда үйінде темекі тартып келе жатқан Н.-ға ескерту жасаған В.-ға дене жарақаттарын салған;
- 23.05.2023 жылы Қ. "Лада" маркалы автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп, көлік иесіне 725 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген; 29.05.2023 жылы Қ. «Hyundai” маркалы автокөлігіне заңсыз кiріп, ақша қаражатын ұрлап, көлік иесіне 1 млн. теңгеден асатын материалдық залал келтірген;
- 10.06.2023 жылы А. және М., «Фолгсваген» маркалы автокөлігіне заңсыз кіріп, ұялы телефонды ұрлап, оның иесіне 130 мың теңге материалдық залал келтірген;
- 11.06.2023 жылы сотталушылар адамдар тобымен жас қыз баланы зорлаған;
- А. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасаған.
- Сотталушылардың кінәлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауаптарымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру, алу, беттестіру хаттамаларымен, жас баладан жауап алу хаттамаларымен, тергеу судьясымен айғақтарды сақтауға қою хаттамасымен, бейнежазбалармен, сараптама қорытындыларымен, соның ішінде жас баланың денесінде көптеген қаңталаудың анықталғаны, қиялдау және еліктеушілік бейімділік белгілері байқалмағаны, тергеу әрекеттеріне қатысушылардан оған психологиялық қысым көрсетілмегендігімен өз дәлелін тапты.
Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамады.
Сот шешімі:
- Сот, сотталушы Р.-ға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
- Кәмелетке толмаған М. және Н.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жыл 6 ай жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал А. және Қ.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сәйкесінше тағайындады.
- Кәмелетке толмаған М., А., Н., Қ.-ға жаза тағайындау барысында, сот ҚК-нің 81-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалатынын ескерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript