Алматыда бұрынғы бас сәулетшіге қатысты сот үкімі шықты

17 ақпанда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала құрылысы және урбанистика бөлімінің бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соттың үкімімен ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге тағайындалды. Сондай-ақ оған өмір бойына қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.
Ахмеджановтан басқа сот отырысында мыналар болды:
- Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетов. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру, жерді алып қою және резервке қою басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Жармұхамбетов 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Бағалау компаниясының басшысы Алмазхан Бәкіров 8 жыл алды.
- Кәсіпкерлер Мұханбеталы Шалқарбеков пен Берік Өскембаев 5 жыл сынақ мерзімін алды.
Алматы қала құрылысы және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы 2023 жылдың шілдесінде ұсталған болатын. Ол жер телімдерін беру және құрылыс жобаларын бекіту кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript