Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында тағы 4 үй жануары құтырма жұқтырып өлген

selo-exp.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2018 16:45 selo-exp.com
Құтырма ауруы Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентіне де жеткен.

Маңғыстау облысында құтырма жұқтырған тағы 4 мал өлді. Осылайша дерттен сұлағандар саны 9-ға жетіп отыр деп жазады Астана телеарнасы.

Құтырма ауруы Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентіне де жеткен. Мамандар мал қожайындарына өтемақы республикалық бюджеттен төленетінін айтып отыр. Алайда, өлген малдың құны қалай бағаланатыны белгісіз. Оны арнайы комиссия шешеді. Зерттеу тобының құрамына жергілікті әкімдік мамандары, ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары және республикалық эпизоотиялық жасағының қызметкерлері енеді.

Қамбар Мүмінов, Маңғыстау облысы ветеринария басқармасы эпизоотиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы: Құнын өтеу республикалық бюджеттен бөлінетін болғандықтан бұл жерде негізгі жұмысты атқаратын АШМ қарасты екі мекеме. Ветиринариялық қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы және республикалық эпизоотиялық жасағының облыстық филиалы. Олар барлық шара біткеннен кейін шамамен 1,5- 2-3 ай шамасында алады. Ол тез болмайды.

Естеріңізге салсақ, аты жаман ауырудан алғаш мал өлімі Жармыш ауылында тіркелген еді. Жергілікті халықтың айтуынша, жарты жылда дерттен 40 бас мал арам қатқан. Алайда, сараптама бойынша құтырмадан тек екі түйе ғана өлген болып шыққан. Басқа малдың өліміне құтырма себеп емес деген шешім шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: