Жаңалықтар тізбегі
0

Дәурен Махажанов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 16:42 Рavlodarnews.kz
Бұған дейін «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары лауазымында болған.

Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Бауыржан Қасенов басқа қызметке ауысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Болат Бақауов жаңа орынбасарын бүгінгі аппараттық жиында таныстырды.

Өңір басшысы Дәурен Махажановтың кандидатурасын ҚР Президент әкімшілігі ұсынғандығын атап өтті.

Дәурен Махажанов 1980 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер», 2007 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жаңа тағайындалған орынбасар еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2001-2009 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФбанк» АҚ, «Альянс банк» АҚ екінші деңгейлі банктерінде басшылық қызметте болды. 2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да төраға орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да басқарма төрағасы міндетін атқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары лауазымында болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: