Өскемен қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жаңа орынбасарын өз ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Altaynews.
Бұл туралы хабарды Жақсылық Мұқашұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бүгін әкімдік отырысында қала әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін жаңа орынбасары таныстырылыпты. Бұл лауазымға Эльдар Төлеубеков тағайындалып отыр.
Эльдар Төлеубекұлы 1967 жылдың 8 қарашасында Өскеменде дүниеге келген.
2005-2010 жылдар аралығында Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары болды.
2010 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры лауазымында қызмет етті.
Бұған дейін қала әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары лауазымында Серік Жеңісов қызмет еткен.