Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бүгін Өскемен қаласы әкімінің бұйрығымен Бауыржан Құдияров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өскемен қалалық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.
Бауыржан Мамұтханұлы 1978 жылы 12 шілдеде Шымкент облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және құқықтану институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ал 2017 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Көлік құрылысы» мамандығын алған.
1999 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының кедендік органдарында жемқорлық құқықбұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі әскери полициясының жасағында, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау басқармасында, ШҚО бойынша көліктік бақылау басқармасында, сондай-ақ, ШҚО және Павлодар облысы бойынша «Ертіс» көліктік бақылау инспекциясында мемлекеттік қызметтер атқарған.
2012 жылдың мамыр айынан желтоқсанға дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «Біржолғы талондар беру орталығы» КММ-ды басқарды. Қала әкімі орынбасары лауазымына тағайындалмас бұрын, 2012 жылдың желтоқсан айынан қала құрылысы бөлімін басқарып келген.