Өскемен қаласының әкімі сот процестері аяқталғанша еңбек демалысына кететінін мәлімдеді
altaynews.kz
15 сәуірде Риддер қаласында, қала әкімінің орынбасары BMW X5 автокөлігін басқарып, рұқсат етілген жылдамдықты асыра отырып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды.
Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сот процесстері аяқталғанша еңбек демалысына кететіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Құрметті Өскемендіктер, жуықта болған жол-көлік оқиғасына байланысты көптеген материалдар жиналды. Мен жол апатына куә болдым, марқұмның туыстарына шын көңілмен қайғыра отырып көңіл айтамын. Осыған байланысты менің айналамда көптеген қаңқу сөздер тарай бастады.Мемлекет қызмет сапында жүргендіктен менің іс-әрекеттерім ең алдымен қоғамдағы сенімді күшейтуге бағытталуы тиіс. Сол себептен мен тергеу жұмыстары кезеңінде жалақым сақталмайтын еңбек демалысына кету туралы шешімге келдім - деді Қуат Тұмабаев.
Енді Өскемен қаласы әкімінің міндетін уақытша Ольга Булавкина атқарады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript