Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жаңадан тағайындалды

Жамбыл облыстық әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 20:52 Жамбыл облыстық әкімдігі
Әсет қалиев бұған дейін, яғни 2020 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді.

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әсет Қалиев Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалиев Әсет Әскербекұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары.

1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын "дәрігер-хирург" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпиталдық хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы ретінде бастаған. Әр жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспиранты және Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының хирург дәрігері, бәлім меңгерушісі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып еңбек еткен.

2020 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді. Медицина ғылымдарының докторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: