Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ләззат Ақтаева облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
"Ақтаева Ләззат Мейрашқызы 2023 жылғы 10 мамырдан бастап Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмысқа қабылданды", - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.
Лязат Мейрашқызы 1965 жылы туған, білімі жоғары, 1988 жылы Алматы медициналық институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметті басқару академиясын «мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының №5 перзентханасының акушер-гинекологы болып бастаған.
- Әр жылдары Қазақ мемлекеттік медицина университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті,
- Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы,
- Алматы қаласы №1 перзентхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы,
- Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары,
- «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының медициналық қызметтерді өндіру жөніндегі Басқарма төрағасының кеңесшісі, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, басқарушы директор, Басқарма Төрағасының орынбасары,
- «Республикалық диагностикалық орталық» акционерлік қоғамының медициналық сұрақтар жөніндегі директоры,
- «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының бас директорының орынбасары,
- Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау бөлімінің бастығы,
- Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының денсаулық сақтау қызметін дамыту және медициналық көмекті стандарттау орталығының басшысы,
- «Денсаулық қаласы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық директоры,
- Алматы Менеджмент университетінің «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» бағдарламасының директоры,
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметті стандарттау департаментінің директоры,
- Республикалық Ғылыми акушерлік және гинекология орталығының экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі директорының орынбасары, директоры,
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау вице-министрі,
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының орынбасары, әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасының ұйымдастырушысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2022 жылдың ақпан айынан қазірге дейін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының Жоғары медициналық колледжінің директоры лауазымында қызмет етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript