Қанат Сухамбеков Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды

Қанат Сухамбеков Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 17:37 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы болып Қанат Сухамбеков тағайындалды.

Қанат Сәдуақасұлы Сухамбеков 1992 жылы 17 тамызда Астанада туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Қ.Сухамбековтың Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінде және Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде жинақтаған тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл позицияда инспекторлық жұмыс бөлімінің, ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің, заң бөлімінің, қаржы-шаруашылық бөлімінің, ішкі аудиттің қызметін үйлестірді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: