Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Түнгі студия” бағдарламасын кімнің жүргізетіні белгілі болды

"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы 2017 жылды қорытындылап, жаңа жобаларды ұсынды.

Сурет : www.kp.kz26 Ақпан 2018, 15:27

“Қазақстан” РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин ұлттық арнаның көктемгі телевизиялық маусымын таныстырып, жаңа жобалары жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақтың төл өнерін дәріптейтін “Мен қазақпын” халықаралық музыкалық жобасы мен 8 мемлекетте тікелей трансляция арқылы көрсетілген “SilkWayStar” мегажобасы көрермендер арасында жоғары бағаланып, өткен маусымның басты жаңалығы болды.

Сондай-ақ, 2017 жылы “Парасат майданы”, “1студия”, “Басты тақырып”, “Мәселе”, “Елден хабар” және т.б қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық жобалардың саны артып, көрерменге жол тартты.

Сонымен қатар, Ұлттық арна мемлекеттік маңызы жоғары түсірілімдер мен тікелей трансляциялар жасады. Атап айтсақ, 2017 жылғы Қысқы Универсиада, Әскери шеру, халықаралық мамандандырылған “Астана ЭКСПО-2017” көрмесінің ашылу мен жабылу салтанаты, ҚР президентінің қатысуымен өткен “Индустрияландыру күніне” арналған еліміздің 26 нысанын қамтыған телекөпір өткізілді.

“Өткен жылы контентті жаңарту барысында әлеуметтік жобалардың саны артты, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың форматы өзгерді. Ең бастысы, өзіміздің ішкі телеөнімнің үлесі 80%-ға өсті, яғни бұл сырттан сатып алынбаған контент. Біз әрі қарай да контентті жаңарту жұмыстарын жалғастырып, сапалы туындылардың санын арттыруға атсалысамыз", — деді Ерлан Қарин.

Ұлттық телеарнада жаңа телевизиялық маусым дәстүр бойынша, наурыз айының басынан басталмақ. "Qazaqstan" телеарнасынан бірнеше жаңа жобалар мен телехикаялар көрерменге жол тартады. Бұрыннан келе жатқан танымал жобалардың жүргізушілері ауысып, енді “Түнгі студияны” актер әрі сықақшы Қайрат Әділгерей жүргізсе, “Сенбілік шоудың” тізгінін Тұрсынбек Қабатов ұстайды. Сондай-ақ, жаңа маусым аясында ақпан айында эфирге шыққан “Бақытты әйел” ток-шоуы әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл бағдарламада кейіпкерлер өзінің басынан өткен қызықты оқиғалары мен бақытты болудың қыр-сырларымен бөліседі. Алдағы уақытта еліміздің тарихынан сыр шертетін “Алаш ақиқаты” бағдарламасы мен “Бала көңілі” атты балалар тәрбиесін қозғайтын гуманитарлық-ағартушылық жоба шығатын болады.

“Көктемгі маусымның басты тұсаукесері "Жүрсіннің жүйріктері" атты ақындар сайысы болмақ. Айтыста 20 шақты ақын айтысып, өз өнерлерін ортаға салады. Бұл жоба бірнеше ай бойы жүреді, ұлттық нақышты сақтай отырып, жаңа форматта ұсынатын боламыз”- деді Ерлан Карин.

"Жүрсіннің жүйріктері" бағдарламасының қазылар алқасында белгілі өнер қайраткерлері: қазақ киносының майталманы, ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов, әнші әрі композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, профессор, ғылым докторы Намазалы Омашев пен ҚР халық ақыны Асия Беркенова болады. Ал, жобаның басты қонағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын және журналист Жүрсін Ерман сайыс арасында пікірін айтып отырады.

Сонымен қатар, ұлттық арна жас аудиторияны арттыру мақсатында қызықты әрі ерекше "Q-pop Idols" атты жобаның тұсауын кеспек. Бұл жобаның жетекшісі белгілі музыкант, продюсер Ерболат Беделхан.

Жаңа маусым аясында бірқатар жаңа отандық телехикаялар ұсынылады. 26 наурыздаа Алаш зиялыларының 20-шы ғасырдың басында Тәуелсіздік жолындағы тағдырын баяндайтын “Тар заман” телехикаясы эфирге шығады. Атап айтқанда, көрермендер "Туған жер", "Сүйе білсең-2", "Жараланған жүректер", "Іңкәр жүрек-3" және т.б телехикаяларды тамашалайтын болады.

Белгілі болғандай, биыл Қазақ телевизиясы 60-жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы мереке қарсаңында “Qazaqstan” телеарнасы бірнеше іс-шараны өткізіп келеді.

"Ұлттық арнада әр жылдары көптеген танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері еңбек етіп, Қазақ телевизиясының дамуына үлкен үлесін қосты. Олардың атқарған орасан еңбектерін ұмытпау — біздің парызымыз. Ақпанның басынан бастап, әр жексенбі сайын Ұлттық арнаның “Алтын қорында” сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан бұрынғы бағдарламаларды эфирге шығаруды ұйғардық. Сондай-ақ, Ұлттық арнаның “Таңшолпан”, “Дара жол”, “Келбет” және басқа да бағдарламаларында отандық телевизия ардагерлерінің қатысуымен арнайы шығарылымдар жарық көреді. Мұнымен қоса, көрермендерге тосын сый ретінде, бұрынғы тележурналистер мен дикторлар жүргізуші боп эфирге шығатын болады", — деп аяқтады сөзін Ерлан Қарин.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер