Елордада пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды

Ұсталған азаматтар пәтерлерге пластикалық әйнекті ашу арқылы кіріп, ақша, әшекей бұйымдар және басқа да бағалы заттарды алып отырған.
Астана полицейлері 20-22 ақпан аралығында 14 пәтер ұрысы ұсталып, бұған дейін жасалған 8 пәтер тонау қылмысы анықталды, деп хабарлайды Елорда инфо қалалық ІІД сілтеме жасап.
«21 ақпанда ІІД Криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Жамбыл облысынан келген төрт азаматтан құралған қылмыстық топты құрықтады. Бүгінгі күні олардың елорда аумағында бірнеше пәтерді тонағаны дәлелденді. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188-бабына (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - делінген Астана қаласының ІІД Facebook желісіндегі ресми парақшасында.
Белгілі болғандай, ұсталған азаматтар пәтерлерге пластикалық әйнекті ашу арқылы кіріп, ақша, әшекей бұйымдар және басқа да бағалы заттарды алып отырған.
Бөлісу
0
Толық оқу