Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Зергерлік бұйым, ұрлық, тонау, Қарағанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 19:20 Сурет: polisia.kz
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше пәтер ұрлығымен айналысқан ұрылар тобын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы операция барысында 23 пен 36 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында пәтерлерге терезе торларын бұзып, пластикалық терезелерді күштеп ашу арқылы кіріп, бағалы заттар мен ақша ұрлаған.

"Оқиғалардың бірі 11 қарашада болған. Полицияға қала тұрғыны белгісіз біреулер Жамбыл көшесіндегі үйіндегі пәтеріне кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 11 алтын бұйымды ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Келтірілген шығын көлемі - 1 500 000 теңге. Осыған ұқсас қылмыс Қарағанды қаласының 60 жастағы тұрғынының Абай көшесіндегі пәтерінде де тіркелді. Қаскөйлер зергерлік бұйымдар мен 7 000 000 теңге көлеміндегі (5 000 АҚШ доллары және 3 000 000 теңге) ақшаны қолды қылған. Тергеу барысында күдіктілердің Қарағанды мен Теміртаудағы жеті пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 15 000 000 теңгені құрады. Үш күдікті қамауға алынды", делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Бұған дейін Абай облысында 10 шетелдік ықтиярхатынан айырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: