Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстанда 62 ірі қараны қолды қылған қылмыстық топ ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 12:21 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы криминалдық полиция қызметкерлері Теректі ауданына қарасты Ақжайық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе БҚО Теректі ауданы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты анықтап, қолға түсірді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш адамнан тұрған қылмыстық топ қазан және қараша айларында еркін жайылыстан Теректі ауданының тұрғындарына тиісілі ірі қара малын ұрлап кеткен.

Тексеру барысында мал ұрылары 62 ірі қара малды жымқырса, оның 8-і күдіктілердің қораларынан табылды. Ұсталған азаматтардың біріне тиесілі Toyota Hilux автокөлігі, сондай-ақ күдіктілер ұрланған ірі қара малға айырбастаған Ford автокөлігі тәркіленді.

Сондай-ақ ұрланған малды сатып алып жүрген мал сатушы анықталды. Ол ұрланған малды нарықтағы төмен бағамен сатып алған.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторна қамауға алынды.Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: