Астанадан ұшып шықпақ болған әйелден 20 дана оқ табылды

www.inform.kz www.inform.kz
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен әйел 34 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге жазаланды.

Астанадан Таразға ұшып шықпақ болған әйелден 20 дана оқ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Астана-Тараз» рейсімен ұшпақ болған Р. есімді әйелдің жүгінен 12 калибрлі 20 дана оқ табылған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен әйел 34 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге жазаланды.

«Сот қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Сот әкімшілік айыппұлды 30% төмендетті, оқтар тәркіленді», - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз