Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Электр қуатына қарыз болған Петропавл тұрғыны пәтерінен айырылды

Пәтері сатылымға жарияланған борышкер өзіне міндеттелген қарызды төлеуден үзілді-кесілді бас тартты.

Сурет : ulpravda.ru27 Ақпан 2018, 14:25

Электр қуатына 400 мың теңге қарыз болған Петропавл тұрғыны пәтерінен айырылды. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Севказэнергосбыт» қоғамдық ұйымы пайдаланылған электр және жылу энергиясына берешегі бар төлеушілермен күресуде. Сот орындаушылары соңғы шара ретінде борышкердің мүлкін аукционда сатпақшы. Атап айтқанда, электр қуаты үшін 392 426 теңге қарызын төлемеген тұрғынның пәтері аукционда сатылады.

«Пәтері сатылымға жарияланған борышкер өзіне міндеттелген қарызды төлеуден үзілді-кесілді бас тартты. Қазіргі уақытта сот орындаушылары қарызы өтелмеген тағы екі пәтерді сатылымға қойды. Осындай жағдай енді қайталанбайды деп үміттенемін. Сондай-ақ борышкер шартта көрсетілген міндеттер туралы көзқарасын өзгертеді деген ойдамыз», – деді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Мағауия Сағандықов.

Кәсіпорынның мәліметтері бойынша, 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша клиенттердің дебиторлық берешегі 147,7 миллион теңгені құрайды. Ал борышкерлермен арыз-шағымдар бойынша жұмыс жүргізіледі.

Сондай-ақ қазіргі уақытта 54 миллион теңгеден астам қарызы бар 247 іс қаралуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер