Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы мектептерінде робот құрастыру зертханалары ашылды

Жастар арасында ғылымның бұл саласына деген қызығушылық жоғары.

Сурет : Хабар 2427 Ақпан 2018, 16:42

Алматы мектептерінде робототехникадан арнайы зертханалар ашыла бастады. Қаладағы бес мектептің оқушыларына осындай зертхана сыйға тартылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мамандардың айтуынша, жастар арасында ғылымның бұл саласына деген қызығушылық жоғары.

Алматыдағы №69 орта мектептің жоғары сынып оқушылары бүгіннен бастап робототехниканың әліппесін үйренуді қолға алды. Бұл зертхана робототехникадан басқа информатика, математика, мехатроника, және инженерия бойынша да жеткіншектердің білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

- «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша осындай лабораториялар керек. Жалпы мектептерді алатын болсақ көбісі мұндай лабораториялар жоқ. Қалада қазір менің білгенімше 40 пайызда ғана бар. 60 пайызда, 60 пайыз мектептерде жоқ. Сондықтан ол үлкен мәселе. Себебі адами капиталды дайындайтын болсақ ол мектептерден бастау керек, дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Зертханада қолданылатын «Бозбала» жинағы қазақстандық стартап компанияның өнімі. Студенттер ашқан компания әзірге керек-жарақты шетелден әкеліп отыр. Келешекте робототехникаға қажетті элементтерді өздері шығармақ ниетте.

- Шетелдік жинақтармен салыстырғанда біздің жинақтарымыздың бағасы 25 пайызға дейін арзан болып келеді. Біздегі жинақтардағы элементтермен жинауға болатын проектілердің саны басқаларынан қарағанда көбірек болады. Мысалы тура осы элементтермен басқа жинақтарда 5-ақ проект жинауға болатын болса біздікілермен 17 жинауға болады, - деді стартап компанияның өкілі Дәурен Мұхамедиев.

- Робототехника лабораториясы қызық деп ойлаймын. Сабақтан кейін әрқашанда, күнде робототехникада қалып соның бәрін түсінуге тырысамын, - дейді 9-сынып оқушысы Ернар Алпысбек.

Болашақта үздік оқушылар арнайы команда құрамына кіреді. Олар робототехника бойынша өтетін әртүрлі жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер