Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мектептерінде оқушыларға 17 мың орын жетіспейді

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2018 23:35 Sputniknews.kz
Қалалық білім басқармасы хабарлағандай, орын жетіспеушілігін түбегейлі жою мүмкін емес.

Алматы білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова қала мектептеріндегі орын жетіспеушілігі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қалада 203 мемлекеттік мектеп пен 49 жеке меншік мектеп бар. Жыл сайын оқушылар саны 10-15 мыңға артып келеді.

"Шын мәнісінде, Алматы бойынша оқушыларға орын жетіспеушілігі бар. Дәлірек айтсақ, 17563 орын жетіспейді", — деді Гүлнар Қожабергенова өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа мектептер салынып, қазіргі мектептер кеңейтілмек. Бүгін де екі мектеп салынып жатыр: Алатау ауданында 600 орындық мектеп пен Наурызбай ауданында – 1200 орындық. Төрт мектеп кеңейтіліп 1200 орынға жеткізілмек, ал Медеу ауданында – 1000 орынға.

Соған қарамастан Қожабергенованың айтуынша орын жетіспеушілігін жуық арада толығымен жою мүмкін емес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: