Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын жауады

Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Сурет : khabar.kz2 Наурыз 2018, 09:44

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде жел күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін, желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең тұман болады, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман байқалады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жердерде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер