Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
![ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2018 15:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f457ecde-e3d4-43ef-91f4-00da6ae86441/800x452.webp)
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады, тек оңтүстік шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерде бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.