Бүгін еліміздің кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ болып, боран соғады, жел ұйытқиды, оңтүстік, солтүстік пен шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с болады.
Қостанай облысында желдің ұйытқуы — 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ, боран.
Ақмола облысында кей жерлерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.
Алматы облысында синоптиктердің болжауынша, тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында – желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстанда – тұман.