Еліміздің бірнеше облысында жел күшейіп, көктайғақ болады
Zakon.kz
Тек батыста, оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек батыста, оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман, көктайғақ болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман түседі.
Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript