Еліміздің кей жерлерінде жаңбырмен бірге найзағай ойнап, бұршақ жауады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерінде жаңбырмен бірге найзағай болады, бұршақ болуы мүмкін, тек оңтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде желдің күшейуі шаңды дауылмен күтіледі, солтүстікте кей жерлерінде - тұман.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші шаңды дауылмен 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қостанай, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертен тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде - жел 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертне тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.