Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда 5 жасар баланың ішегінен 40 шақты магнит шары шықты

Ота кезінде ішектің ішінен бір-біріне жабысқан магнит шарлар анықталды.

Сурет : ҚазАқпарат2 Наурыз 2018, 10:50

Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөліміне іші түйнеп ауырған 5 жасар бала түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлердің айтуынша, бала соқырішек ауруының белгісімен түскен.

«Рентген түсіру барысында оның ішегінің жүрмей тұрғанын көрдік. Сосын ота кезінде ішектің ішінен бір-біріне жабысқан магнит шарларды анықтадық. Олардың жартысы ішектің төменгі жағында орналасса, жартысы жоғарғы жағында магниттер бір-біріне тартылған кезде арасындағы ішек жабысып қалған. Баланың кіндігінен ішекті шығарып алып, бөгде заттарды тазаладық. Ота тіліксіз жасалды», - деді шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев.

Жедел ота барысында хирургтар 5 жасар баланың ішегінен 38 шақты магнит шарик алып шыққан. Қазір баланың жағдайы жақсы. Әзірге бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бала есін жиған. 4-5 күн шамасында тамақ ішуге тыйым салынады. Баланы тек тамыр арқылы қоректендіріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, орталыққа бөгде зат жұтып қойған балалар жиі келіп түседі. Олардың ішінде 3-4 жағдайда дәрігерлер баланың ішегінен магнит алып шығарады.

«Көбінесе балалар гелден жасалған шарлар, губка, ұсақ ойыншықтар, тиын, түйме, ине жұтып қояды. Оның ішіндегі гелден жасалған бұйымдар, магнит, инелер ең қауіпті болып табылады», - деді бөлімнің жауапты хирургі Азат Мамырасыл.

Бөгде зат жұтып қойып ота үстелінен бірақ шығатын балалардың жасы 1-14 аралығында.

Былтыр 2 жастағы баланың ішегінен гелбден жасалған шарлар алынды. Тіпті тамақтың арасында балалардың денсаулығы үшін қауіпті түрлері болады екен.

«Балалар көбінесе сүйек бөліктерін жұтып қояды. Жаңғақтар, шемішкенің қабығы өкпесінде, кеңірдегінде тұрып қалады», - деді А.Мамырасыл.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер