Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағандыда көлік қағып кеткен екі зейнеткер қаза болды

28 ақпан күні сағат 13.00 шамасында Қарағандының Пришахтинск шағын ауданында жолдың бұрылысынан кесіп өтпек болған екі зейнеткерді көлік қағып кеткен.

Сурет : Baq.kz 2 Наурыз 2018, 12:38

Қарағандыда егде жастағы екі әйелді автокөлік қағып, қаза тапты. Олар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерінен кесіп өтпек болған, деп жазады Baq.kz.

28 ақпан күні сағат 13.00 шамасында Қарағандының Пришахтинск шағын ауданында жолдың бұрылысынан кесіп өтпек болған екі зейнеткерді көлік қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты болған жерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жоқ. Жолдың осы бөлігі қауіпті болса да, Пришахтинск тұрғындары жол ережелерін сақтамайды.

«Қаза болған әйелдердің бірі менің анам, екіншісі туысым. Олардың бірі 67, бірі 71 жаста. Оқиғаның қалай болғанын нақты білмеймін. Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпеген, сол жерде болғандардан жедел жәрдем шақыруды өтінген», - дейді Вера Крестьянова.

Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі зейнеткерді қағып кеткен жүргізуші 1970 жылғы азамат. Ол көлікпен артқа жүріп бара жатқанда жүргіншілерді басып кеткен.

«Қарағандының Октябрь ауданындағы жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 4-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті барлық сараптамалар тағайындалған. Жүргізушіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды», - деді Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жібек Мұқашева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер