Тараз түрмесінде отырған қырғыз азаматы аузын тігіп тастады

i.onthe.io i.onthe.io
Қырғызстан жазасын өтеп жатқан ер адамды отанына экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

Таразда түрмеде отырған Қырғызстан азаматы аштық жариялап, аузын тігіп тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

III топ мүгедегі Қырғыз Республикасының омбудсмен институтына арыз жазған.

"Оған себеп, Э. Тентемишевтің өзі хабарлағандай, 158/4 мекемесі басшылығының ұлтына байланысты кемсітушілік танытуы болып отыр", — делінген хабарламада.

Омбудсмен Кубат Оторбаев Қазақстандағы адам құқығы бойынша уәкіл Асқар Шәкіровтен қырғызстандықтың құқығын қорғауға жәрдем беруді сұрады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-03/thumbs/1520076790_0000.jpg

"Иә, бізге мұндай хат келді. Ұлттық превентивті механизм деген институт бар. Жуырда арнайы топ түрмеге барып қайтады. Егер деректер расталатын болса, материал Қазақстанның бас прокуратурасына жіберіледі", — деп мәлімет берді ҚР институты.

Қырғыз Республикасы омбудсменінің сайты берген мәлімет бойынша, Қырғызстанның бас прокуратурасы мен сыртқы істер министрлігіне Тентемишевті отанына экстрадициялау мүмкіндігі туралы хат жолданыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз