Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда жеке меншік балабақшаларда орын жетіспеуде

Қазіргі таңда жеке меншік жаңа балабақша ашуға ниет білдіргендердің саны – төртеу.

Сурет : www.pavlodarnews.kz5 Наурыз 2018, 15:03

Ертіс өңірінде мектепке дейінгі білім беру саласында жеке меншік балабақшаларда ұсынылатын орындардың үлесі азайған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласының мәслихат комиссиясында білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Қадырбаева айтты. Спикер ұсынған мәліметке сүйенсек, облыс орталығында тоғыз үкіметтік емес білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Оның біреуі балабақша болса, сегізі – 811 баланы қамтитын шағын орталық.

– Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту көрсеткішін арттыру үшін мәселені жоғары деңгейде қарастыру қажет, – дейді Гүлжан Қадырбаева.

Сонымен қатар бөлім басшысы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарына жылжылмалы мүлікке құқық беруші құжаттардың көшірмесі ұсынылатынын атап өтті. Заңды тұлғаларға жеке меншік мектепке дейінгі мекеме ашу үшін міндетті түрде пайдаланылатын ғимараттың нысаналы мақсатын өзгерту қажет.

Сәйкесінше жер учаскесі тұрғын үй қорынан коммерциялық мақсатта шығарылады. Бұл маңызды ақша салымын қажет етеді. Қазіргі таңда жеке меншік жаңа балабақша ашуға ниет білдіргендердің саны – төртеу.

Усолка шағын ауданындағы аумағы жер 1842 шаршы метр учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту кәсіпкер үшін 3,3 млн теңгеге шығады. Осыған ұқсас Екінші Павлодардағы учаске 2,7 млн теңге салымды талап етеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер