Қостанай облысында жеке меншік үйдегі өрт кезінде жарылыстың алды алынды

Өрт, Қостанай облысы, жеке меншік үй, газ баллоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 15:33 Сурет: pixabay
Қостанай облысында 15 ақпанда ТЖМ қызметкерлері жеке меншік үйді жарылыстан қорғап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науырзым ауданы Қарамеңді ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілер жедел оқиға орнына келіп, отты тез арада оқшаулап, оның таралуына жол бермеді.

"№20 өрт сөндіру бөлімнің бөлімше командирі Руслан Балтабаев жанып жатқан ғимараттың ішіндегі газ баллонын сыртқа алып шығып, жарылыстың алдын алды", делінген хабарламада.

Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Астанадағы теміржол вокзалында болған жарылысқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: