Оралда зираттан нәрестенің денесі табылды

www.inform.kz www.inform.kz
Баланы кім және қашан тастап кеткені әзірге белгісіз.

Орал қаласында мектеп оқушылары ескі зират аумағынан жаңа туған сәібидің денесін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Дерқұл кентінде оқушылар оппы қардан баланың мәйітін тауып алып, маңайдағы адамдарды шақыра бастаған.

Гиният Мәмбетовтың айтуынша, ол жұмыстан келе жатып, оқушыларды байқаған.

«Оларға таянғанымда, қарда баланың жатқанын айтты. Жақынырақ қарап едім, жаңа туған нәрестенің денесі екенін түсіндім. Ол шүберекке оралған еді. Зират күзетіне жүгіріп барып, полицейлерді шақырдық», - дейді Гиният Мәмбетов.

Баланы кім және қашан тастап кеткені әзірге белгісіз. Полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз