Жамбыл тасжолы бойында өртеніп кеткен көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды
Сурет: zakon.kz
Көлік жүргізушісінің кім екені және көлік не себепті өртенгені әзірге белгісіз.
Бүгін таңғы сағат 06:08-де «Алматы-Ташкент» тасжолының 361 шақырымында көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол бойында Mazda-626 маркалы көлік өртеніп кеткен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылмаған.
Көлік жүргізушісінің кім екені және көлік не себепті өртенгені әзірге белгісіз.
Еске сала кетсек, ақпан айында Жамбыл облысында екі адам көлік апаты салдарынан өртеніп кеткен. Екі көлік соқтығысып, нәтижесінде өрт шыққан. Қайғылы жағдай дәл осы жол бойында, Отар станциясының маңында болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript