Оралда базардағы темір жәшік ішінен ер адамның мәйіті табылды
Baq.kz
Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Бүгін «Шебер» базарында аула сыпырушылар темір жәшік ішінен ер адамның мәйітін тауып алып, полиция қызметкерлерін шақырды, деп хабарлайды Baq.kz.
Аула сыпырушы кеше кешқұрым базар маңын сыпырғанын, ол кезде ешқандай күдікті зат байқамағанын айтады.
«Таңертең жұмысқа келдім. Базардың қасында темір жәшік жатыр екен. Біз оны жолдан алып тастағымыз келді, бірақ оның салмағы ауыр болды. Ішін ашып қарап едік, ер адамның мәйітін көрдік. Содан кейін бірден полиция шақырдық», - дейді ол.
Оқиға орнында жүрген жергілікті полиция қызметінің басшысы мен қалалық прокурор ресми түрде қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript