Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда ауруханада жатқан науқас өз-өзіне қол салды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2018 16:25 Sputniknews.kz
Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда, полиция әлі ешқандай мәлімет берген жоқ.

Қостанайда ауруханада ер адам өз-өзіне қол салды, деп жазады Sputnik Қазақстан "Костанайские новости" жергілікті басылымына сілтеме жасап.

"Бүгін 6 қаңтарда сағат 14:00 кезінде қалалық ауруханада ер адам өз-өзіне қол салып көз жұмды. Палатада бірге жатқан көршісі ер адамның түннен бері өзін бір түрлі ұстағанын айтты. Бұл жайында дәрігерлерге айтылғанымен, ешкім мән бермеген. Препараттардың әсерінен науқас психозға шалдыққан болуы мүмкін", — деп жазды әлеуметтік желідегі "Любимый Костанай, для всех и про все" тобының администраторы Мария Абабкова.

Науқас хирургия бөлімінде жатқан екен. Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаев қайғылы оқиғаның болғанын растады. Полиция әзірше ешқандай мәлімет берген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: