Қостанайда полицей өзіне қол жұмсамақ болған баланы құтқарды
Zakon.kz
Полицей алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жас жігіттің дем алуына көмектесті.
Қостанайлық полиция старшинасы Қайрат Жүкенов өзіне қол салмақ болған бозбаланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Stan.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел тергеу тобында жүрген Қайрат Жүкенов суицид жасаған 17 жасар бозбалаға көмек керектігі туралы хабарлама алады.
Оқиға Дзержинский көшесіндегі пәтерде болған.
«Полицейлер пәтердің бесінші қабатында сіңірі тартылып жатқан жас жігітті көреді. Олар лезде қимылдап, бозбаланы таза ауаға алып шыққан. Қайрат Жүкенов алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дем алуына көмектесті. Сол уақытта жедел жәрдем қызметі де келген. Тәртіп сақшылары ауруханаға еріп барды. Дәрігерлердің айтуынша, егер полицейлер болмағанда, жас жігіттің аман қалуы екіталай еді», – деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Екі күн өткен соң Қайрат Жүкенов өзіне қол салмақ болған бозбаламен кездесті. Ол өз қателігін түсінгенін айтқан. Өз кезегінде жәбірленушінің анасы полицейге ризашылығын білдіріп, алғыс хат берді.
Фото: stan.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript