Қызылордада полиция қызметкерлері есінен танып қалған баланы құтқарды
Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы 22 қыркүйекте Қызылордада полиция батальоны экипажының жанына жеңіл автокөлік тоқтап, жүргізушісі полицейлерден көмек сұраған. Ол баласының жағдайы ауыр екенін және ауруханаға тез жете алмайтынын айтқан.
Полиция инспекторлары Алмат Кішкенбаев пен Қуаныш Өмірзақов уақыт жоғалтпай дереу көмек көрсетеді. Олар анасы мен баласын патрульдік көлікке отырғызып алып, оларды ауруханаға жедел жеткізді. Бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы жақсы. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің жоғары жауапкершілік пен кәсібилігін тағы да дәлелдеп, олардың көмекке әрдайым дайын екендіктерін көрсетті.
Бұған дейін "Құқықтық дәріхана" акциясы аясында елордалық заңгерлер тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап бергенін жазғанбыз.