Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды
Сурет: видеодан алынды
8 наурызда Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Патрульдік инспекторларға бір автокөліктің жүргізушісі 19-шы ықшам ауданның қиылысында төтенше жағдай орын алғанын жеткізген.
"Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік", - деді Ақжаркен Мұқажан.
Белгілі болғандай көлік жүргізуші инсульт алған.
Оның өмірі өлім ауызында болған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бір қалыпты екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript