ТЖМ қызметкерлері бір үйдің үш баласын құтқарды

ТЖМ қызметкерлері бір үйдің үш баласын ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде 112 пультіне Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Еңбекшіқазақ ауылында 3 бауырлас баланың жоғары дене қызуымен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екені, алайда боранның себебінен жедел медициналық жәрдем көлігі үшін жол жүру мүмкіндігі жоқ туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар тобы медициналық қызметкерідің сүйемелдеуімен оқиға орнына күрделі жағдайларда жұмыс істеуге арналған ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігімен жөнелтілді.
"1, 4, және 6 жасар балалар шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript