Оралда аула сыпырушының мүрдесі табылды
qamshy.kz
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Оралда бүгін аула сыпырушының мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық авиация спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт-техникалық мектебінде аула сыпырушы болып еңбек еткен 1972 жылғы азамат әдеттегідей таңертең жұмысқа келген.
Мектеп қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, көп ұзамай марқұмның мүрдесі гараждардың артындағы қуыстан табылды. Оның жүрегі ұстап қалған секілді.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиев марқұмның денесінде зорлық белгілері жоқ екендігін жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript