Теміртауда қоқыстан өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2018 23:03 Baq.kz
Төтенше жағдай өткен демалыс күндері болды.

Өртеніп кеткен ер адамның мәйіті қаладағы адамдар көп жүретін көшелердің бірінен табылды. Полиция қызметкерлері өртеніп қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтауда, деп хабарлайды Baq.kz.

Төтенше жағдай өткен демалыс күндері болды. Панфилов көшесіндегі «Валентина» дүкенінің маңында белгісіз ер адамды өртеп кеткен. Ары-бері өтіп жатқан адамдар өртенген ағаштардың ішінен адамның сұлбасын көреді. Болған жағдайға қатысты суреттер әлеуметтік желілер арқылы тез тарап кетті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

«Өртеніп кеткен адамға байланысты Теміртау қаласында ҚР ҚК-ның 99-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: