Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев президент ұсынған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырма берді

m-astana.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 18:36 m-astana.kz
Үкімет басшысы мемлекеттік органдарды осы жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.

ҚР Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев наурыз айының соңына дейін Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру үшін барлық қажетті заңнамалық өзгерістерді дайындауды тапсырды және Елбасы белгілеген міндеттерді орындау үшін жауапты адамдарды тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өздеріңіз білетіндей, кеше Мемлекет басшысы халыққа жаңа әлеуметтік бастамаларды жариялады, үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Осы бастамалардың әрқайсысы бүгінгі күні халық үшін маңызды мәселелерді қамтиды. Қарапайым азаматтар үшін арзан ипотека, табысы төмен қызметкерлерге салықтық жүктемені төмендету, жоғары білім алуға қосымша 20 мың грант бөлу. Кем дегенде 75 мың орындық жатақхана құрылысы, шағын және орта бизнеске шағын несие көлемін 20 млрд теңгеге ұлғайту және солтүстік аймақтарды газбен қамтамасыз ету. Осының әрқайсысы халықтың әлеуметтік өмірінде түбегейлі өзгерістер әкелетін аса маңызды жұмыс", - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар ол өркендеген мемлекет тек тиімді басқару жүйесі, күшті экономика ғана емес, ең алдымен рухани және әлеуметтік жағынан қорғалған азаматтар екенін атап өтті.

«Егер өткен жылы Елбасының бастамасымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске аса бастаған болса, биыл әлеуметтік жаңғыру бойынша ауқымды шаралар ұсынылды. Бес әлеуметтік бастама Мемлекет басшысының халық үшін алаңдаулы екенін дәлелдейді. Қазақстан халқына шын жүректен алғыс білдіріп, арнайы үндеу арқылы ұсынылған бастамалар оның маңыздылығын арттырады. Халықтың ұмтылысын әрдайым сезінетін Елбасы ұсынысын қатаң түрде және мұқият етіп орындау - бәріміз үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз барлық күш-жігерімізді жұмылдырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, халықтың үмітін ақтауға тиіспіз», - деді премьер.

Сонымен қатар Үкімет басшысы министрліктер мен ведомстволарға әрбір бағыт бойынша тапсырма берді.

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

"Бұл бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жұмысқа Инвестициялар және даму министрлігі, Ұлттық экономика, Қаржы министрлігі және «Бәйтерек» холдингі қосылу керек. Жаңа ипотекалық бағдарламаны іске асыру тұрғын үй құрылысына және осыған байланысты салаларға қосымша серпін береді, сондықтан отандық құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын және басқа да өндірістік секторларды белсенді түрде тарту керек. Ипотекалық бағдарламаға жауапты - Ұлттық банк, үкіметтен - Инвестициялар және даму министрі Касымбек. Бақылауда ұстайтын Асқар Ұзақбайұлы (Мамин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары)", - деді Б.Сағынтаев.

Екінші бастама бойынша, «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту», Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап айына есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатын қызметкерлер үшін 1% мөлшерде жеке табыс салығын енгізу тапсырылды. Сонымен бірге, осы қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін босатылатын қаражаттың бағытын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, табыс салығын есептеудің прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерттеу және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін нақты ұсыныстар енгізу қажет. Бұл үшін жауапты болып Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тағайындалады.

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика, Қаржы министрлігімен, сондай-ақ, басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, өңір әкімдерімен бірлесіп, жаңа экономикаға мамандардың қажеттілігін талдауға негізделген, Мемлекет басшысының нұсқаулары бойынша "2018-2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" жобасын ескере отырып жұмысты аяқтау тапсырылды - деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, Білім министрлігі мен Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрліктері бірлесіп республикалық бюджетті нақтылау кезінде бұл мәселелерді ескеруі керек.

"Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Қаржы министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігіне, өңір әкімдіктеріне биыл жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысын бастауды тапсырамын. 2022 жылдың соңына дейін кем дегенде 75 мың орынмен қатамасыз етуі тиіс. Жауапты - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Ерболат Асқарбекұлы (Досаев, Премьер-министрдің орынбасары), бақылу сізде", - деп атап өтті премьер.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Өндірістік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлігі және «Атамекен» кәсіпорны жүргізіп жатқан жұмыстар бойынша тапсырамын. Біріншіден. Биылғы жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде 20 млрд теңге бөлуді қарастыру. Екіншіден, қаржыны одан әрі бөлу жөнінде ұсыныс енгізу және шағын несие беру үшін жағдай жасау, әсіресе ауылдық жерлерде. Жауапты - Әбілқасымова. Ерболат Аскарбекұлы мен Өмірзақ Естайұлы (Шөкеев, Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі) өз саласы бойынша бақылау жасайды», - деді ол.

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Бесінші бастамаға келетін болсақ, премьер-министр бұл жоба Астана мен бірқатар аймақтарды газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Энергетика министрлігіне, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму министрлігіне, тиісті өңір әкімдіктеріне, "Самұрық Қазына" қоры мен "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп бір аптаның ішінде жұмыс тобын құрып, "Сарыарқа" газ құбырын Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау бағыты бойынша жүргізу үшін халықаралық қаржы институттарынан тиісті қаражат тарту жолымен қаржыландыру мәселесін анықтауды тапсырамын. Жауапты - Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Асқар Ұзақбайұлы бақылау сізде", - деді Үкімет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: