Президент Үкімет басшысына елдегі су тасқыны жағдайларына қатысты бірқатар тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев, Олжас Бектенов, Үкімет, тапсырма, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 20:55 Сурет: akorda.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 5 сәуірінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов 5 сәуірде Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.

"Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. Міндет - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Құлсарыны су басып, екі мыңнан аса адам пойызбен Атырауға эвакуацияланғаны белгілі болды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: