Президент Олжас Бектеновке бірқатар нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 13:05 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 31 тамызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, кездесу барысында Президент Үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттарын айқындап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік органның жұмысын ортақ міндеттерді орындауға жұмылдырып, олардың өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Президент орындаушылық тәртіпті нығайтып, Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беру қажет екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: