Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды
Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 31 тамызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кезек күттірмейтін міндетті, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратын құруға байланысты міндеттерді айқындады.
"Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады", – делінген хабарламада.
Бүгін, 31 тамызда Президент Аида Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады.
2026 жылғы 29 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты мемлекеттік орган ретінде құрылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript